Жаңалықтар

Биология күніне орай Сыныптан тыс шаралар да өз мәнінде жүргізілді. “Ойна да ойла” атты мұғалімдер мен оқушыларға арналған , биология пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырумен өткізілді. Шараның мақсаты: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыру; ойлау, шапшаңдық, сезім мүшелерінің қабілетін дамыту; Шара кезеңдері:
1. Қызықты логикалық сұрақтар
2. ⁠”Интуициялық бәйге” сайысты
3. ⁠”Мықты дегустатор”сайысы
4. ⁠”Кім жылдам”
5. ⁠”Бақыла да бейнеле”
Әділқазылар алқасы тағайындалып , топтар бағаланып отырды.Шара өте жақсы деңгейде өтті. Осы шараға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға үлкен алғыс білдіреміз.
13.02.2024 жылы «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат» КММ-де «жаратылыстану және математика» бағытындағы пәндердің «Жаратылыстану – өмір тану, Табиғаттың сырын табу» атты апталығының екінші күні «География және жаратылыстану» күні деп аталды. Бұл күні 7-сыныпқа география пәнінен педагог-зерттеуші Кулбаракова Фаризаның «Дүние жүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары» тақырыбындағы ашық сабағы болды.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.Мұғалімнің бұл сабаққа жан-жақты дайындалғаны көрініп тұрды.Әрбір алынған тапсырма оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес және бірін-бірі толықтырып тұрғандай.
ҚР өмір сүріп жатырған 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату — тәтті өмір сүріп жатырғандығын керемет суреттеп берді.
Кулбаракова Фаризаның қызметіне шығармашылық табыс тілейміз!
Басты бет

Каракешова Калдыгул Каламбаевна