Жаңалықтар

«Тоғыз айда — тоғыз шара» жобасы аясында білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау мақсатында Домбырашылар челленджі өткізілді.

«Наурызнама» онкүндігінің аясында 20 наурыз Ұлттық спорт күніне байланысты оқушылар ұлттық ойындар арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату, бес тас сияқты ойын түрлерін ойнап жарысты.

«Асыл ана» аналар кеңесінің ұйымдастыруымен оқушыларды қарапайым еңбек адамының өмірін көрсету арқылы, ата-анаға көмек беру, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Менің отбасым- менің қуанышым» тақырыбында мектеп түлегі Өтепбергенова Жұлдыз және оның отбасымен кездесу өткізілді. Өтепбергеновтар әулиеті — барлығы да мектеп- интернат түлектері. Жұлдыз қыз бала болса да ата-анасына қамқор болып, әкесі Сауалбектің шаруашылығын жүргізіп, отбасына көмектесіп отыр. Оның бұл ісі жастарға үлгі. Кешті аналар кеңесінің төрайымы Айжанақова Нағима жүргізді.

5наурыз-Ұлттық киімдер күні.

«Даналық мектебі» жобасының жоспарына сәйкес және «Шапағат» әкелер кеңесінің қатысуымен ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ағасы бардың- жағасы бар» тақырыбында Жыңғылды ауылының белсенді жастары Жұбанов Ахмет пен Қылышбаев Айбарыс, Жанғалиев Ақтілеу, Айдынғалиев Нұржанмен кездесу өткізілді. Кездесуде ағаның орны, оның іні- қарындасқа көмегі мен ақылы туралы әңгіме болды. Сонымен бірге Жұбанов Ахмет пен Қылышбаев Айбарыс Жыңғылды ауылы жастарының қорының төрағалары. Бұл қор ауыл бойынша спорт пен мәдениетті қолдауға арналған. Сонымен бірге қор мектеп- интернат балаларының спорттық жарыстарға барып қатысуына қолдау көрсетіп жүр. Осы Жыңғылды ауыл жастарының қорының көмегімен спорттық жарыстарға барған мектеп- интернат оқушысы Есболаев Темур 3 дүркін республика чемпионы болды. Осы ақпан айының 17 күні өткен Астана қаласында Республикалық турнирде де Темур чемпион атанды. Мектеп- интернат оқушыларын жетістікке жетелеп келе жатқан ағаларға айтар алғысымыз шексіз.

«Өмірге «Ия» деп айт» онкүндігінің кезекті шарасы оқушыларды өмірді сүйюге үйрету, бір-бірімен жақсы қарым- қатынаста болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында өткізілген сынып сағаттары өткізілді.

Фотогалерея

Басты бет

Каракешова Калдыгул Каламбаевна